
Железин аудандық сотымен Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзған Ресей Федерацияның азаматшысыЧ.-ға қатыстысты әкімшілік іс қаралды.
«Үрлүтөбе» өткізу пунктінде шекаралық қызметкерлермен тексеру барысында азаматшыЧ.-ның 2020 жылдың мамыр айынан бастап РФ азаматтығын алып және Ресей Федерацияның азаматшысы бола тұра, ағымдағы жылдың маусым айында ҚР паспортыменМемлекеттік шекарадан Қазақстан Республикаға келіп, ал 2020 жылдың шілде айында Қазақстан Республикадан Ресей Федерацияға қайта шығу кезінде РФ азаматшысы паспортын ұсынған.
Сот отырысында азаматшыЧ. кінәсін толық мойындап, өз іс-әрекетіне өкініш білдіріп, заңды білмегеніне байланысты Ресей Федерация азаматтығын алғаны туралы өкілетті органға хабарламағанын түсіндірді.
Сот қаулысымен азаматшыЧ. ҚР ӘҚБтК 496 б. 2 б. көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберу жазасы тағайындалды.
Қаулы заң күшіне енген жоқ.
Железин аудандық сотының
баспа сөз қызметі