
Железин аудандық сотымен автомобильдi жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап әкету) фактісі бойынша аудан тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.
Іс материалдарына сәйкес, 2020 жылдың 28 маусымында 19:00 сағатта А. балық аулау жоспарымен , ШҚ- ға меншік құқығымен тәнді, «ВАЗ-21074» маркалы автокөлікті ШҚ-нің жерінде тұрғанын байкап, басшылықтың рұқсатысыз, Ертіс өзеніннің алқабына айдап кеткен. Нәтижесінде, А. көрсетілген көлікті жымқыру мақсатынсыз айдап әкеткен, көп уақыт ұзамай полиция қызметкерлерімен ұсталынды.
Сот отырыс барысында жәбірленушінің өкілі медиация тәртібінде тараптардың татуласуымен және келісімді жасасқанына байланысты, сотталушыға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы сотқа өтінішпен жүгінді.
Сот қаулысымен ҚК 68 б. 1 б. сәйкес сотталушы жәбірленушімен татуласқанына орай, А. қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. ҚК 200 б. 1 б. 1п. бойынша өндірісі А.-ға қатысты тоқтатылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Железин аудандық сотының
баспасөз қызметі