
Железин аудандық сотымен көлік құралын масаң күйдебасқарған,52 жастағы Павлодар аудан тұрғынына қатысты «WhatsApp» мобильдік мессенджер арқылы әкімшілік іс қаралды.
Іске сәйкес, азамат Д. 2020 жылдың 19 маусым айында 16:10 сағатта Железин ауылында, алкогольдік масаң күйде «Ауди С-4» маркалы автокөлікті басқарған, осылайша ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігімен көзделген құқық бұзушылық жасаған.
Сот отырысында құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәсін толық мойындап, көлікті басқару алдында 1 бөтелке сыра ішкенін түсіндірді.
Сот қаулысымен азамат Д. әкімшілік құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылып, оған 15 тәулік мерзімінде әкімшілік қамау жазасы мен 7 жылға көлік құралын басқару құқығыннан айырылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Железин аудандық сотының
баспасөз қызметі