
Железин аудандық сотымен ұрлық жасау фактісі бойынша электронды қылмыстық іс қаралды.
Іс материалдары бойынша, 2020 жылдың 08 мамыр айында Ж.Башмашын ауылында, өткенде өзінің моншасына түсуге шақырған, ауылдасы М. барған. Жол бойы азамат Ж. танысы К. кездесіп, бірге баруға шақырды, оған К. келісті. Бірақ азамат М. үйінде болмады, азамат К. тоспай, қайтып кетті. Азамат Ж. жәбірленуші М.-ның ауласында бола тұра, жерде жатқан 5 ағаш-жаңқалы тақталарды (АЖТ) көріп, ұрлап кеткен. Жәбірленуші М.-ға 15000 теңге мөлшерінде мүліктік залал келтірген.
Сотта жәбірленуші М. мен сотталушы Ж., кәсіпқой емес медиатордың қатысуымен жасалған медиативтік келісімге келіп, медиация тәртібінде бітімгершілікке келді. Жәбірленуші талаптанбайды, келтірілген барлық материалдық шығындар өтелді.
Сот қаулысымен сотталушы мен жәбірленуші арасында медиация тәртібінде татуласуына байланысты ҚР ҚК-нің 68 бабы 1 бөлігінің негізінде Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қысқартылып, қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Железин аудандық сотының
баспа сөз қызметі