
Павлодар облысы Железин аудандық сотымен азамат Ж-қа қатысты сот шешімін орындамаған фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды.
Әкімшілік істің құжаттарына сәйкес, азамат Ж. төрт кәмелетке толмаған балаларына алиментті өндіртіп алу туралы 2015 жылдың сот бұйрығын орындамаған, 2020 жылдың 06 мамырына берешек 3 100 121 теңге құрады.
Сот отырысында, азамат Ж. өз кінәсін толық мойындап, ресми емес жұмыс істейтінін, берешекті өтеуіне шараларды қолдануын міндеттенді.
Сот қаулысымен ӘҚБтК-нің 669-бабы 1 бөлігі бойынша Ж-қа қатысты іс әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшін 2 тәулік мерзімінде әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Железин аудандық сотының
баспасөз қызметі