2026 жылғы 10 мамырдағы Железин ауданы Ақтау және Майлы ауылдық округі әкімдерінің сайлауы тағайындалуына байланысты және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабының 5-тармағына сәйкес сайлаушыларды Железин ауданы Ақтау және Майлы ауылдық округі аумағында құрылған сайлау учаскелерінің шекралары туралы хабардар етеміз:
Сайлау учаскелерінің шекаралары
№ 238 сайлау учаскесі
Шекарасы: Майлы ауылдық округінің Майлы ауылының аумағы.
Дауыс беруге арналған учаскенің орналасқан жері - Майлы ауылы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 6 құрылыс, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Железин ауданы білім беру бөлімінің «Озерный негізгі жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, тел: 871859 20753
№ 249 сайлау учаскесі
Шекарасы: Ақтау ауылдық округі Ақтау ауылының аумағы.
Дауыс беруге арналған учаскенің орналасқан жері - Ақтау ауылы, Спортивная көшесі, 19 құрылыс, Железин ауданы мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Құдайберген Әлсейітов атындағы Железин аудандық Мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ауылдық мәдениет үйінің ғимараты, тел: 871831 42335
№ 250 сайлау учаскесі
Шекарасы: Ақтау ауылдық округі Жолтаптық ауылының аумағы.
Дауыс беруге арналған учаскенің орналасқан жері - Жолтаптық ауылы, Школьная көшесі 2 құрылыс, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Железин ауданы білім беру бөлімінің «Жолтаптық негізгі жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, тел: 871831 42140