Павлодар облысы Железин ауданы Ақтау ауылдық округі, Майлы ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

2026 жылғы 14 сәуірде сағат 18.00-де Железин  ауданы Ақтау ауылдық округінің,  Майлы ауылдық округінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

 

Ақтау ауылдық округі бойынша:

Барлығы 3 кандидат ұсынылды,  барлығы өзін-өзі ұсыну тәртібі бойынша.

Орташа бәсекелестік - 3 адам. 

 

Майлы ауылдық округі бойынша:

Барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1 (33 %) –  саяси партиясымен, 2 (67 %) - өзін-өзі ұсынды.

Орташа бәсекелестік - 3 адам. 

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу
2026 жылғы 19 сәуірде сағат 18.00-де аяқталады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

 Железин аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы

Дата публикации
15 апреля 2026