«Ақтау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Железин ауданы Ақтау ауылдық округінің Ақтау ауылында көшені қайта атау туралы шешім жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Ақтау ауылдық округінің Жолтаптық ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2016 жылғы 21 қарашадағы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде.

 Аталған шешім жобасын қабылдаудың мақсаты Железин ауданының Ақтау ауылдық округі Жолтаптық ауылында «Кооперативная» көшесін «Достық» көшесі деп қайта атау болып табылады.

Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы 2020 жылғы 04.12 «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған.

Основной документ
Дата публикации
04 декабря 2020