Еңбекші ауылдық округі әкімінің «Железин ауданы Еңбекші ауылдық округінің Еңбекші ауылында көшені қайта атау туралы» шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы  2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы  4) тармақшасына сәйкес, Еңбекші ауылдық округінің Еңбекші ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 23 мамырдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде.

Көрсетілген шешім жобасын қабылдаудың мақсаты Железин ауданы Еңбекші ауылдық округі Еңбекші ауылында «Ленин» көшесін «Достық» көшесі деп қайта атау болып табылады.

Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы «Ашық НҚА» сайтында 04.12.2020 жылдан бастап 22.12.2020 жылға дейін орналастырылған.

Дата публикации
04 декабря 2020