«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабының 2-тармағына сәйкес, Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 1 сәуірдегі № 93 қаулысымен Железин ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтері құрылды:
1) Ақтау ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша – Ақтау ауылдық округінің шекараларында;
2) Майлы ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша – Майлы ауылдық округінің шекараларында.
Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері: Железин а., Сәтбаев көш., 10, 1-қабат, тел.: 2-15-08.
Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы