Қазақстан Республикасы жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Павлодар облысы Железин ауданы Прииртышск өңірі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Қазақстан Республикасы көлік министрлігінің автомобиль жолдары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі Павлодар облысы Железин ауданы Прииртышск ауылдық округінің Прииртышск ауылының аумағында орналасқан жалпы ауданы 0,0561 га, 5 жыл мерзімге жер учаскесіне «Баянауыл» шекара бөлімшесінің инженерлік байланыс желілерін төсеу үшін жария сервитут белгіленсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Прииртышск ауылдық округінің әкімі: С. Нурмаканов