Бөлімнің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті ҚР Бюджет және Салық кодекстеріне сәйкес қалыптастырылды және Железин ауданы мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 210/8 шешімімен бекітілді.
Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ бойынша көзделген шығыстар
|
Атауы
|
2025 жыл
|
2026 жыл
|
2027 жыл
|
2028 жыл
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
Әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығыстар, барлығы
|
433630
|
453956
|
444977
|
462293
|
Бөлім қызметінің негізгі басымдығы азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бұрын қабылданған барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.
Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2026 жылға арналған әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік көмекке шығыстары 453956 мың теңге сомасында көзделген, оның ішінде:
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек - 38263 мың теңге, бұл ретте 75 отбасына 297 адамға атаулы әлеуметтік көмек төленеді және 89 балаға кепілдік берілген әлеуметтік пакет беріледі;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауылдық жерлерде денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету – 17439 мың теңге, алушылар саны 1008 адамды құрайды;
- тұрғын үй көмегін көрсету - 41 мың теңге, төлем 2 отбасына төленетін болады;
- жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек – 104147 мың теңге, қамту 2716 алушыны құрайды;
- үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету - 935 мың теңге, алушылар саны 9 адам;
- мүгедектігі бар мұқтаж адамдарды протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторий – курорттық емдеу, жестау тілі маманы, жеке көмекшілер қызметтерін көрсету - 71955 мың теңге;
- жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу және жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу - 1020 мың теңге;
- үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру - 28307 мың теңге, үкіметтік емес ұйымдар арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтермен мұқтаж 36 азамат үйде күтім жасау жағдайында қамтылатын болады;
- халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер - 70200 мың теңге;
- зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған Тәуекел тобындағы адамдарға көрсетілетін қызметтер - 10479 мың теңге, отбасын қолдау орталығын ұстауға арналған шығыстар;
- үйде әлеуметтік көмек көрсету орталығының қызметін қамтамасыз ету - 111170 мың теңге бұл ретте мұқтаж азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілетін болады.
Железин ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің басшысы К. Ибрагимов