Бөлімнің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті ҚР Бюджет және Салық кодекстеріне сәйкес қалыптастырылды және Железин ауданы мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 210/8 шешімімен бекітілді, Железин аудандық мәслихаты сессиясының 2026 жылғы 27 ақпандағы № 221/8 шешімімен өзгерістер енгізілді
Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ бойынша көзделген шығыстар
|
Атауы |
2025 жыл |
2026 жыл |
2027 жыл |
2028 жыл |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
Әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығыстар, барлығы |
433630 |
489731 |
444977 |
462293 |
Бөлім қызметінің негізгі басымдығы азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бұрын қабылданған барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.
Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2026 жылға арналған әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік көмекке шығыстары 489731 мың теңге сомасында көзделген, оның ішінде:
- үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру - 5004 мың теңге, үкіметтік емес ұйымдар арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтермен мұқтаж 36 азамат үйде күтім жасау жағдайында қамтылатын болады;
– әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету - 23303 мың теңге, жан басына шаққандағы қаржыландыруды қолдана отырып, мұқтаж 36 азаматты қамту;
- үйде әлеуметтік көмек көрсету орталығының қызметін қамтамасыз ету - 111170 мың теңге бұл ретте мұқтаж азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілетін болады.
Железин ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің басшысы К. Ибрагимов