Железин ауданы әкімі аппаратының бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыруы

Железин ауданы әкімі аппараты «Б» корпусының бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурстық комиссия құрамына енгізу үшін келесі функционалдық бағыты бойынша бағалаушыларды іріктеуді жүргізеді:

  • Адам ресурстарын басқару (HR)

Бағалаушылар бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар болуы, немесе персоналды басқару жөніндегі мамандары мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері болуы қажет.

     Бағалаушы ретінде қатысуға ниет білдірген адамдар eqyzmet.gov.kz., интернет -  порталында тіркелуі және sagyndyk.dauren @pavlodar.gov.kz электрондық поштасына еңбек жолын растайтын құжаттарды жолдауы қажет.

Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімдері: 2026  жылғы  17-19 наурыз аралығында.

Дата публикации
16 марта 2026