Михайлов ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебін жария талқылау қорытындылары

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды өткізеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылау жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған, жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар сондай-ақ қызмет көрсетушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін ұдайы жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

Жергілікті атқарушы орган Михайлов ауылдық округі әкімінің аппараты арқылы мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді:

  1. «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу».
  2. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру».
  3. «Жер учаскесін жеке меншікке бір мезгілде не бөліп-бөліп сату».

4.«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру».

  1. «Жер учаскесін алуға кезекке қою».
  2. «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту».

2025 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мынадай түрлері алынды:

- «Жер учаскесін жеке меншікке бір мезгілде не бөліп-бөліп сату» 1/заңды тұлға, қағаз тасымалдағышта/

- «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» - 1 заңды тұлға, қағаз нұсқасы.

- «Сауда-саттық (аукцион) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 9 өтініш, оның ішінде оң - 3, кері қайтарылды - 4, дәлелді бас тарту - 2.

Мемлекеттік қызметтерді алуға халықтың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округ әкімдігінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, сондай-ақ «Ашық әкімдік» жобасы шеңберінде «Openofis» ашылды. 2025 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 410 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Әкімдік ғимаратында мемлекеттік қызметтер туралы ақпараты бар стенд орналасқан. Аудандық газеттерде, сондай-ақ «Инстаграмм» әлеуметтік желілері арқылы мақалалар жариялау жолымен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша буклеттер таратылады. Мемлекеттік қызметтер бойынша баннер бар.

2025 жылы ауылдық округ әкімі аппаратының мамандары халыққа мем.қызмет көрсету мәселелері бойынша буклеттер тарату, мем.қызмет алу мәселелері бойынша халықпен түсіндіру жұмыстары, мем.қызмет мәселелері бойынша ақпаратты әлеуметтік желілерге инстаграммалар, ват сап-чат, мәртебелер арқылы орналастыру іс-шараларын жүргізді.

2025 жылдың мамыр және қазан айларында «Родные просторы» және «Tygan olke» газеттерінде мемлекеттік қызметтер туралы мақала жарияланды.

Есептік кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағым түскен жоқ.

 

Михайлов ауылдық округінің әкімі                              Р.Вагитов

 

Дата публикации
05 марта 2026