Железин аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 210/8 «2026-2028 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Железин аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 210/8 «2026-2028 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 218806 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

1) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2026-2028 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті тиісінше                      1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 4044806 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 2349012 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 43815 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 29639 мың теңге;

трансферттер түсімі – 1622340 мың теңге;

2) шығындар – 3633406 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 36552 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 86500 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 49948 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең:

қаржы активтерін сатып алу – нөлге тең;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 374848 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                                  - 374848 мың теңге.»;

2) 7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«7. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтер бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер мынадай мөлшерде ескерілсін:

645179 мың теңге – елді мекендерің жолдар мен көшелерін орташа жөндеуге және күтіп ұстауға;

          6970 мың теңге – елді мекендерде аббаттандыру және санитария жөніндегі іс-шаралар өткізуге және жерлеу орындарын ұстау;

4723 мың теңге – елді мекендерді жарықтандыру жөніндегі іс-шараларды өткізуге;

1048 мың теңге –ауылдық округтер әкімдері аппараттарын ұстауға, бұрын бюджетте көзделмеген;

12500 мың теңге –сумен жабдықтау жөніндегі іс- шараларды өткізуге.»;

3) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
          2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихаттың төрағасы

 

Т.М.Даулетов

Дата публикации
04 марта 2026