Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 10 қарашадағы № 1-13/374 ұсынысы негізінде, Қазақстан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Железин ауданы Қазақстан ауылдық округінің Жаңа жұлдыз ауылының аумағында жоғары патогенді құс тұмауын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин тоқтатылсын.
- Железин ауданы Қазақстан ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі «Железин ауданы Қазақстан ауылдық округі Жаңа жұлдыз ауылының аумағында карантин белгілеу туралы» № 7 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6964 болып тіркелген, 2020 жылғы 2 қазандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан ауылдық округі әкімі
|
|
Ж. Сатканов
|