Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтерін қалыптастыру ережелері мен әдістемесіне» сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға арналған мемлекеттік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тариф бекітілсін.
Аудан әкімі А. Шайхимов
Железин ауданы әкімдігінің қаулысына
қосымша
«9» қаңтары 2026 жыл № 2/1
2026 жылға арналған Железин ауданы бойынша мемлекеттік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тариф
|
№ |
Атауы |
1 көрсетілетін қызметті алушыға ай сайынғы тарифтің мөлшері (теңге) |
|
1. |
Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету |
69495 |