«Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру бойынша кейбір мәселелер туралы» № 590 қаулысына сәйкес, Железин ауданының әкімі ҚАУЛЫ ЕТТЕДІ:

  1. «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының  Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауын;

осы қаулыны Железин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

  1. Железин ауданы әкімінің 2023 жылғы 3 сәуірдегі «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы № 67/4 қаулысының күші жойылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Железин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулының күшіне алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап енеді.
Дата публикации
28 января 2026