2026 жылғы 18 қаңтарда Железин ауданының Михайлов ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 1112 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 576 сайлаушы қатысты, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс – 47.
Кандидаттардың жалпы саны – 2.
Михайлов ауылдық округінің әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Вагитов Рустам Сергеевич үшін сайлаушылардың 418 дауысы берілді;
Мукашева Жанна Еркеновна үшін сайлаушылардың 76 дауысы берілді;
«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны – 47.
Сайлау қорытындылары бойынша Михайлов ауылдық округінің әкімі болып Вагитов Рустам Сергеевич сайланды, 1990 жылы туған, «Железин ауданы Михайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы, Павлодар облысы Железин ауданы Михайловка ауылында тұрады.
Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы