Железин ауданы Михайлов ауылдық округі әкіміне кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жою туралы ХАБАРЛАМА

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 11-тармағының 8) тармақшасына, 113-6 бабының 1-тармағына сәйкес, 2026 жылғы 14 қаңтарда Михайлов ауылдық округі әкіміне кандидат Куаныш Бекетович  Байгиреевтың өз кандидатурасын алып тастау туралы келіп түскен өтініші негізінде, Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Михайлов ауылдық округі әкіміне кандидат К.Б. Байгиреевты тіркеу туралы 2025 жылғы 26 желтоқсандағы шешімнің күшін жойды.

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
15 января 2026