Железин ауданы Михайлов ауылдық округі Красновка ауылының шекарасын (шегін) белгілеу және өзгерту туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 1,2 қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 608,5 гектар Железин ауданы Михайлов ауылдық округі Красновка ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін және өзгертілсін.
  2. «Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер есебі құжаттарына қажетті өзгерістер енгізсін.
  3. Осы бірлескен қаулы мен шешім олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
26 декабря 2025