Павлодар облысы Железин ауданы Михайлов ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

2025 жылғы 23 желтоқсанда сағат 18.00-де Железин  ауданы Михайлов ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

Барлығы 4 кандидат ұсынылды, оның ішінде 4 (100 %) - өзін-өзі ұсынды.

Орташа бәсекелестік - 4 адам. 

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу
2025 жылғы 28 желтоқсанда сағат 18.00-де аяқталады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

 Железин аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы

Дата публикации
24 декабря 2025