Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (Жоба)

Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған азаматтық бюджеті Алакөл ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпаратты қамтиды.

         Бұл құжат «Бюджетті жоспарлау» бөлімінен, «Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің түсімдері мен шығыстары» кіші бөлімдерінен тұрады.

         Ауылдық округ бюджеті – бұл ауылдық округ әкімінің, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

          Бюджеттік процесс – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу мен есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі қызмет.

          Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған әлеуметтік - экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылған.

Алакөл ауылдық округінің құрамына Алакөл ауылы кіреді.

          Ауылдық округ аумағының жалпы көлемі 565,5 га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 303,7 га. Халық саны – 551 адам, оның ішінде ерлер – 284 адам, әйелдер – 267 адам. Тұрғындардың жалпы санынан зейнеткерлер – 89, 16-дан 29-ға дейінгі жастар – 94, оқушылар – 94, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 53, ашық нарықта жұмыссыздар – 9, тіркелген жұмыссыздар – 9 адам.

          Әлеуметтік салада интерактивті және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған 1 орта мектеп жұмыс істейді. Мектепте шағын орталық жұмыс істейді. Сондай-ақ, фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) – 1, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жұмыс істейді. 2 төсек, ем-шара бөлмесімен біріктірілген акушерлік кабинет, егу кабинеті, науқастарды қабылдау кабинеті, ЭКГ жабдықтар, 1 дәріхана бар.

          Мәдениет үйінің жанында ауылдық кітапхана жұмыс істейді, кітапхананың кітап қоры жыл сайын 18500 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде 15 000 дана толықтырылады және есептеледі, спортпен айналысуға арналған фитнес-клуб бар.

          Мәдениет үйі жанындағы қызмет көрсету саласында «Қазпошта» акционерлік қоғамының филиалы жұмыс істейді.

          Қайта өңдеу саласында «Пахарь» ШҚ ЖШС наубайханасы жұмыс істейді.

Алакөл ауылдық округі бойынша 17,066 шақырым жол бар. Оның ішінде: кірме жолдар – 2,505 км, айналма жолдар – 4,861 км және кентішілік жолдар 9,7 км, сондай-ақ ауыл орталықтандырылған сумен жабдықталған. Көшелер шамдармен жарықтандырылған, Павлодар қаласы мен Железинка ауылына автобус қатынасы бар.

         

Бюджет көлемі

 1.2. «Алакөл ауылдық округінің түсімдері мен шығыстары»

 мың теңге

Атауы

 

 

2026 жыл       

2027 жыл 

 

2028 жыл

1

2

3

4

ТҮСІМДЕР – барлығы:

44874

46263

47335

Меншікті кірістер, оның ішінде:

10 804,0

9 847,0

10 021,0

Салықтық түсімдер

10 708,0

9 751,0

9 925,0

Салықтық емес түсiмдер

96,0

96,0

96,0

Жоғары тұрған басқару органдарынан түсетін трансферттер, оның ішінде:

34070

36416

37314

Мақсатты ағымдағы трансферттер

0

0

0

Субвенциялар

34070

36416

37314

  

Алакөл ауылдық округінің бюджетіне 2026 жылға салық түсімдерінің құрылымы

 Алакөл ауылдық округі бюджетінің шығындары 

Атауы

2026 жыл       

2027 жыл 

 

2028 жыл

ШЫҒЫНДАР – барлығы, оның ішінде:

44874

46263

47335

 

Мемлекеттік қызметтер

31984

32728

33124

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

10748

11285

11850

Көлік және коммуникация

2097

2202

2312

Денсаулық сақтау

45

47

50

  

Алакөл ауылдық округінің 2026 жылға арналған бюджет қаражатын жұмсаудың негізгі бағыттары                           

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары жалпы сипаттағы қызметтер

 мың теңге

 Атауы

2026 жыл       

2027 жыл 

 

2028 жыл

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге арналған бюджет шығыстары, барлығы:

31984

32728

33124

 Оның ішінде:

 

 

 

жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

31984

32728

33124

Қорғаныс

0

0

0

 Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге 31984 мың теңге сомасында қаражат қарастырылды.

Алакөл  ауылдық округінің бюджет шығындарының 0,1%-ын денсаулық сақтау саласына шығындар құрайды

 

Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары

 мың.теңге

Атауы

2026 жыл       

2027 жыл 

 

2028 жыл

Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары, барлығы:

45

47

50

 Оның ішінде:

 

 

 

Шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру

45

47

50

Денсаулық сақтау саласында шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру үшін 2026 жылға 45 мың теңге сомасында шығыстар көзделген.

Алакөл ауылдық округінің бюджет шығындарының 24,0 %-ын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындары  құрайды

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыруға арналған бюджет шығыстары

 мың.теңге

 Атауы

2026 жыл       

2027 жыл 

 

2028 жыл

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа арналған бюджет шығыстары, барлығы:

10748

11285

11850

 Оның ішінде:

 

 

 

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

9265

9728

10215

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

709

744

782

Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру

774

813

853

          2026 жылға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыруға арналған бюджет шығындары:

Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру, сондай-ақ қолданыстағы жарықтандыруды күтіп ұстау және жөндеу үшін 9265,0 мың теңге сомасында қарастырылған.

- Алакөл ауылындағы полигонды толтыру үшін елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге – 709,0 мың теңге.

  - 774,0 мың теңгеге көшеттер мен гүлдер отырғызу үшін елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру, көшеге ақпараттық стендтер орнату, сонымен қатар балалар ойын алаңын орнату.

Алакөл ауылдық округінің бюджет шығындарының 4,7 %-ын көлік және коммуникация шығындары  құрайды.

 

Көлік және коммуникацияға арналған бюджет шығыстары

 мың.теңге

Атауы

2026 жыл       

2027 жыл 

 

2028 жыл

Көлік және коммуникацияға арналған бюджет шығыстары, барлығы:

2097

2202

2312

 Оның ішінде:

 

 

 

Аудандық маңызы бар қалаларда , ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

2097

2202

2312

Аудандық қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу

0

0

0

 Ауылдық округтегі автомобиль жолдарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 2097 мың теңге қаражат қарастырылған.

Дата публикации
18 декабря 2025