Шешім жобасы Казақстан Республикасының Бюджет кодексінің 91-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы, 1-тармағының 1) тармақшасына, сәйкес әзірленді.
2026 жылға арналған бюджеттің көлемі 4044,5 млн. теңгені, 2027 жылға – 2684,1 млн.теңгені, 2028 жылға – 2760,4 млн.теңгені құрайды.
Ауданның 2026 жылға кіріс көлемі 2422,5 млн. теңге сомасында көзделген, 2027 жылға түсімдер көлемі 2555,6 млн.теңге, 2028 жылға – 2755,5 млн. теңге болжануда.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.