2025 жылғы 14 желтоқсанда Железин ауданының Новомир ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 288 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 180 сайлаушы қатысты, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс – 13.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Новомир ауылдық округінің әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Белимова Ольга Викторовна үшін сайлаушылардың 29 дауысы берілді;
Горобец Оксану Анатольевна үшін сайлаушылардың 16 дауысы берілді;
Унбаев Нұрлан Науқанұлы үшін сайлаушылардың 107 дауысы берілді;
«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны – 12.
Сайлау қорытындылары бойынша Новомир ауылдық округінің әкімі болып Унбаев Нұрлан Науқанұлы сайланды, 1970 жылы туған, «М. Дулатұлы атындағы № 3 Железин ЖББМ» КММ физика пәнінің мұғалімі, Павлодар облысы Железин ауданы Железинка ауылында тұрады.
Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы