Бюджеттік процесс - бұл Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен реттелетін мемлекеттік органдардың қызметі. Бюджеттік процесс бірыңғай бюджеттік классификация негізінде жүзеге асырылады.
«Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі экономикалық және бюджеттік жоспарлау мәселелерінде аудандық деңгейде мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
2025-2027 жылдарға арналған шығындар көлемі
|
Атауы |
2024 жыл |
2025 жыл |
2026 жыл |
2027 жыл |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
Шығындар, барлығы |
170525 |
166981 |
76159 |
77861 |
|
|
|
|
|
|
|
«Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» 001 |
49920 |
56016 |
53189 |
53743 |
|
«Мемлекеттік органның күрделі шығындары» 004 |
10500 |
|
|
|
|
«Мамандарды әлеуметтік қолдау көрсету бойынша шараларын жүзеге асыру» 099 |
20423 |
21338 |
22970 |
24118 |
|
«Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға арналған бюджеттік несиелер» 006 |
88608 |
85315 |
|
|
|
«Төмен тұрған бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттер 113 |
1074 |
4312 |
|
|
Мемлекеттік мекеме аудандық деңгейде экономикалық және бюджеттік жоспарлау мәселелерінде мемлекеттік саясатты іске асырады.
2025 жылға арналған шығындар көлемі 166981 мың теңге сомасында қарастырылды, 2026 жыл – 76159 мың теңге, 2027 жыл – 77861 млн. теңге.
Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің 2025 жылға арналған шығындары 166981 мың теңге сомасында қарастырылды, оның ішінде:
- «Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» 001 бағдарламасы бойынша штат саны 7 бірлік мемлекеттік қызметші және 5,5 бірлік техникалық персоналмен бөлімді ұстауға 56016 мың теңге;
«Төмен тұрған бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттер 113 бағдарламасы бойынша 4312 мың теңге ауылдық округтерге азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарына жалақыны арттыруға берілетін трансферттер;
- «Мамандарды әлеуметтік қолдау көрсету бойынша шараларын жүзеге асыру» 099 бағдарламасы бойынша 21338 мың теңге ауданға жұмыс істеу және тұру үшін келген әлеуметтік саланың және агроөнеркәсіптік кешеннің 30 маманына көтерме жәрдемақы беру және сенім білдірілген агенттің қызметтеріне ақы төлеу;
- «Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға арналған бюджеттік несиелер» 006 бағдарламасы бойынша әлеуметтік саланың және агроөнеркәсіптік кешеннің 10 маманына ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алу және салу үшін бюджеттік кредит беруге 85315 мың теңге.