Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (нақтылау, желтоқсан)

Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған азаматтық бюджеті Алакөл ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпаратты қамтиды.

         Бұл құжат «Бюджетті жоспарлау» бөлімінен, «Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің түсімдері мен шығыстары» кіші бөлімдерінен тұрады.

         Ауылдық округ бюджеті – бұл ауылдық округ әкімінің, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

          Бюджеттік процесс – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу мен есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі қызмет.

          Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған әлеуметтік - экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылған. Аудандық мәслихат сессиясының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 158\8 шешімімен бекітілген.

Алакөл ауылдық округінің құрамына Алакөл ауылы кіреді.

          Ауылдық округ аумағының жалпы көлемі 57334,0 га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 27760,0 га. Халық саны – 570 адам, оның ішінде ерлер – 289 адам, әйелдер – 281 адам. Тұрғындардың жалпы санынан зейнеткерлер – 89, 16-дан 29-ға дейінгі жастар – 102, оқушылар – 100, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 53, ашық нарықта жұмыссыздар – 6, тіркелген жұмыссыздар – 6 адам.

          Әлеуметтік салада интерактивті және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған 1 орта мектеп жұмыс істейді. Мектепте шағын орталық жұмыс істейді. Сондай-ақ, фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) – 1, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жұмыс істейді. 2 төсек, ем-шара бөлмесімен біріктірілген акушерлік кабинет, егу кабинеті, науқастарды қабылдау кабинеті, ЭКГ жабдықтары, 1 дәріхана бар.

          Мәдениет үйінде ауылдық кітапхана жұмыс істейді, кітапхананың кітап қоры жыл сайын 18500 данамен толықтырылады, оның ішінде мемлекеттік тілде 15000 дана, спортпен шұғылдануға арналған фитнес-клуб бар.

          Мәдениет үйі жанындағы қызмет көрсету саласында «Қазпошта» акционерлік қоғамының филиалы жұмыс істейді.

          Қайта өңдеу саласында «Пахарь» ШҚ ЖШС наубайханасы жұмыс істейді.

Алакөл ауылдық округі бойынша 15,84 шақырым жол бар. Оның ішінде: кірме жолдар – 2,505 км, айналма жолдар – 4,861 км және ауылішілік жолдар 8,474 км, сондай-ақ ауыл орталықтандырылған сумен жабдықталған. Көшелер шамдармен жарықтандырылған, Павлодар қаласы мен Железинка ауылына автобус қатынасы бар.

         

Бюджет көлемі

  

1.2. «Алакөл ауылдық округінің түсімдері мен шығыстары»

                                                                                                               мың теңге

Атауы

 

 

2025 год      

 

2026 год   

 

2027 год

 

1

2

3

4

ТҮСІМДЕР – барлығы:

38293

34962

35798

Меншікті кірістер, оның ішінде:

10558

11086

11640

Салықтық түсімдер

10462

10985

11534

Салықтық емес түсiмдер

96

101

106

Жоғары тұрған басқару органдарынан түсетін трансферттер, оның ішінде:

 

27735

23876

24158

Субвенция

27735

23876

24158

Пайдаланылмаған аударымдарды қайтару

2

0

0

Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен іс-шараларды жүргізу

495

0

0

  

2025 жылға арналған Алакөл ауылдық округінің бюджетіне

түсетін салық түсімдерінің құрылымы

 

Алакөл ауылдық округі бюджетінің шығындары 

Атауы

2025 год

2026 год

2027 год

ШЫҒЫНДАР – барлығы, оның ішінде:

35564

34962

35798

Мемлекеттік қызметтер

25406

26702

27305

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

8125

6128

6435

Көлік және коммуникация

1988

2087

2192

Денсаулық сақтау

43

45

47

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

2

0

0

Пайдаланылмаған аударымдарды қайтару

0

0

0

 

2025 жылы Алакөл ауылдық округінің бюджеті

қаражатын жұмсаудың негізгі бағыттары

 

          Алакөл ауылдық округі бюджетінің шығыстарының 71,1 % -ын мемлекеттік қызмет көрсету саласына арналған шығыстар құрайды.

 

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге

арналған бюджет шығыстары

                                                                                                                  мың.теңге

Атауы

2025 год

2026 год

2027 год

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге арналған бюджет шығыстары, барлығы:

26771

26702

27305

Олардың ішінен:

 

 

 

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

26771

26702

27305

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге 26771 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған.

 

Алакөл ауылдық округі бюджетінің шығыстарының 0,1% -ын денсаулық сақтау саласына арналған шығыстар құрайды.

        

Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары

                                                                                                                    мың.теңге

Атауы

2025 год

2026 год

2027 год

Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары, барлығы:

43

45

47

 Оның ішінде:

 

 

 

Шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру

43

45

47

Денсаулық сақтау саласында шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру үшін 2025 жылға 43 мың теңге сомасында шығыстар көзделген.

Алакөл ауылдық округінің бюджет шығыдарының 23,5 %-ын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындары  құрайды

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыруға арналған бюджет шығыстары

                                                                                                                   мың.теңге

 Атауы

2025 год

2026 год

2027 год

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа арналған бюджет шығыстары, барлығы:

8828

6128

6345

 Оның ішінде:

 

 

 

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

7892

4975

5224

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

510

706

741

Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру

426

447

470

Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру

0

0

0

         

          2025 жылға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыруға арналған бюджет шығындары:

- Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру, сондай-ақ қолданыстағы жарықтандыруды ұстауға және техникалық қызмет көрсетуге 9120 мың теңге сомасында көзделген.

- Алакөл ауылында қоқыс шығаруға елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету - 510 мың теңге.

- Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру -426 мың теңге сомасында қарастырылған.

Алакөл ауылдық округі бюджетінің шығыстарының 5,3% -ын көлік және коммуникация шығыстары құрайды.

 

Көлік және коммуникацияға арналған бюджет шығыстары

                                                                                                                     мың.теңге

Атауы

2025 год

2026 год

2027 год

Көлік және коммуникацияға арналған бюджет шығыстары, барлығы:

1988

 

1978

2057

 Оның ішінде:

 

 

 

Аудандық маңызы бар қалаларда , ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

1988

2087

2192

Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу

0

0

0

                               

Ауылдық округтің автомобиль жолдарының жұмыс істеуін үздіксіз қамтамасыз ету үшін 1988 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған.

Дата публикации
12 декабря 2025