Железин ауданының аумағындастационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 12-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының  2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығыменбекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Железин ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. «Железин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

 

Аудан әкімі                                                                                   К. Кашкиров

Дата публикации
24 ноября 2020