Шешім жобасы Казақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы, 1-тармағының 1) тармақшасына, Казақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 4- тармағына сәйкес әзірленді.
2021 жылға арналған бюджеттің көлемі 514,6 млн. теңгені, 2022 жылға – 509,1 млн.теңгені, 2023 жылға – 531,2 млн.теңгені құрайды.
Ауданның 2021 жылға кіріс көлемі 29,3 млн. теңге сомасында көзделген, 2022 жылға түсімдер көлемі 44,5 млн.теңге, 2023 жылға – 62 млн. теңге болжануда.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
«Ашық НҚА» порталында 2020 жылғы 23 қарашадан бастап 2020 жылғы 08желтоқсанына дейін орналастырылды.