Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік
мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 08.11.2025 - 14.11.2025
Қабылдау 1 этап: 17.11.2025- 19.11.2025
Қабылдау 2 этап: 21.11.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 22.11.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
26.11.2025
Сұхбат: 01.12.2025
Анықтама телефоны: 77051982220
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243701
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
'Железин ауданның экономиканың нақты секторы бөлімі' мемлекеттік
мекемесінің және құрылыс, мемлекеттік сатып бойынша бас маманы, E-R-4
(Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Бөлімде бухгалтерлік есепті жүргізу, бухгалтерлік есептерді салық
органдарына, статистика органдарына дайындау. Бюджеттік қаражаттың
мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады. Қазынашылық
органдары арқылы жүргізілетін операциялардың есебін, тауарлық-материалдық
құндылықтардың есебін, қазынашылық органдарында шарттарды тіркеуді
жүргізеді. Жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу, жалақыны есептеу,
тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілермен есеп
айырысуларды салыстыру. Бюджеттік бағдарламаларды, олардың жобалары
мен болжамдарын, бюджеттік өтінімдерді ауданның экономика бөліміне және
облыстың салалық басқармаларына дайындауды жүзеге асырады.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан
кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім:
мемлекеттік аудит, экономика, қаржы, есеп және аудит, бухгалтер
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі
немесе техникалық және кәсіптік білім;
жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.