2025 жылғы 9 қарашада Железин ауданының Еңбекші ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 406 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 218 сайлаушы қатысты, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс – 2.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Еңбекші ауылдық округінің әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Белимова Ольга Викторовна үшін сайлаушылардың 12 дауысы берілді;
Краузе Асемгуль Бауржанқызы үшін сайлаушылардың 170 дауысы берілді;
Мукашева Жанна Еркенқызы үшін сайлаушылардың 17 дауысы берілді;
«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны – 3.
Сайлау қорытындылары бойынша Еңбекші ауылдық округінің әкімі болып Краузе Асемгуль Бауржанқызы сайланды, ол 1990 жылы туған, «Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Павлодар облысы Железин ауданы Уәлиханов ауылында тұрады.
Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы