Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Железин аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесінің бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2013 жылғы 11 қарашадағы №2-12/390 ұсынысы негізінде,Еңбекші ауылдық округінің
әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Еңбекші селолық округінің Еңбекші селосы Ленин көшесініңаумағында жануарлардың құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты,белгелінген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
- Железин ауданы Еңбекші ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 10 маусымдағы «Еңбекші селолық округінің Еңбекші ауылының Ленин көшесінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы»№ 01 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 12 шілдеде № 3568 болып тіркелген, 2013 жылғы 20 шілдеде аудандық «Туған өлке» және «Родные просторы» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Еңбекші ауылдық округі әкімі
|
|
М. Танибергенов
|