Железин ауданы әкімдігінің "Железин ауданының жайылымдарын геоботаникалық зерттеу негізінде жайылым айналымдарының схемаларын бекіту туралы" қаулысының жобасы (бұдан әрі – қаулы жобасы) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңына сәйкес әзірленді.
Қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты Железин ауданының жайылымдарын геоботаникалық зерттеу негізінде жайылым айналымдарының схемаларын бекіту болып табылады.
Қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.