«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Жайылымдар туралы» 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Железин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 6 маусымдағы «Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Железин ауданының жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы» 172/6 (Нормативнтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6404 болып тіркелген, 2019 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Железин ауданының жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемалары осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.