Железин аудандық мәслихатының «Железин ауданында жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің жобасына БАСПАСӨЗ – РЕЛИЗ

№

п/п

Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтер тізімі

Әзірлеуші мемлекеттік орган туралы ақпарат

1

2

3

1

Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.

«Железин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ

2

Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына және (немесе) оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелеріне сілтеме жасай отырып, Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау үшін негіздемелер.

Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 726-бабына сәйкес

3

Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай – ақ бюджет заңнамасында көзделген жағдайда-тиісті бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, тиісті бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).

Жоқ

4

Нормативтік құқықтық актінің жобасы қабылданған жағдайда халықтың кең ауқымы үшін болжамды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар, сондай-ақ нормативтік құқықтық акт жобасының ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсері.

Жоқ

5

Жекелеген әлеуетті стейкхолдерлер (мемлекет, бизнес-қоғамдастық, халық, өзге де санаттар) үшін оларды егжей-тегжейлі сипаттай отырып, күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері.

Мақсаты-шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, салық жүктемесін азайту арқылы бизнестің тұрақтылығын сақтау.

Күтілетін нәтиже - 2026 жылғы                               1 қаңтардан бастап төмендетілген салық ставкасы қолданылады (4%-дан 3%-ға дейін), бұл кәсіпкерлерге қаржылық жүктемені азайтады және жергілікті экономиканың дамуына оң әсер етеді.

6

Заңнаманы нормативтік құқықтық актінің енгізілетін жобасына сәйкес келтіру қажеттілігі (басқа құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу талап етілетінін көрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы.

Жоқ

7

Нормативтік құқықтық акт жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

Қажет емес

8

Осындай өзгерістерге әкеп соғатын нормативтік құқықтық актінің жобасын қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының төмендеуін және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп айырысу нәтижелері.

Қажет емес

Дата публикации
29 октября 2025