Железин ауданында жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 726-бабына сәйкес                 Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Железин ауданында жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы ставкасының мөлшерін есепті салық кезеңі үшін салық салу объектісіне 4%-дан 3%-ға төмендетілсін.
  2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Дата публикации
29 октября 2025