Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік
мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 16.10.2025 - 22.10.2025
Қабылдау 1 этап: 23.10.2025- 28.10.2025
Қабылдау 2 этап: 30.10.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу (Іріктеу): 31.10.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
05.11.2025
Сұхбат: 10.11.2025
Анықтама телефоны: 77051982220
E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік
мекемесі ұйымдастырушылық - инспекторлық жұмыс және ақпараттық
технологиялар бөлімінің бас маманы, E-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Аудан әкімінің жергілікті өкілетті және атқарушы билік органдарымен
ұйымдыстырушылық және ақпараттық байланысын жүзеге асыру. Аудан
әкімінің және аудан әкімі аппаратының жұмыс жоспарларын жасау. Селолық
округ әкімдері жұмыстарының, аудандық органдар басқармаларындағы
Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін орындау
бойынша, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері, өкімдері мен тапсырмаларының
сараптамасы. Селолық округ әкімдері аппараттарына тәжірибелік көмек
көрсету. Селолық округ әкімдерінің ұйымдастырушылық жұмысын талдау.
Аудан әкімдігі отырысында қарастырылатын сұрақтарды әзірлеуге қатысу.
Қазақстан Республикасы Президенті, Парламент депутаттарының, жергілікті
өкілетті билік органдарының депутаттарын сайлауын, референдумдарының
өткізілуін ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз ету. Селолық округ
әкімдері аппараттарындағы орындалу тәртібін бақылауды жүзеге асыру. Аудан
әкімінің, селолық округ әкімдерінің есепті кездесулерін ұйымдастырушылық
тұрғыдан қамтамасыз ету. Аудан әкімінің, селолық округ әкімдерінің есепті
кездесулерінде айтылған ескертулер мен ұсыныстарды жүзеге асырудың
мониторингі.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан
кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім:
журналистика, саясаттану, мәдениеттану, қоғамдық байланыс, құқық, бизнес
және басқару, халықаралық қатынастар, жалпы дамудың пәндік
мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, тілдер және әдебиет бойынша
мұғалімдерді даярлау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, заңгер
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс
өтілі талап етілмейді;
бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен
кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.