Железин аудандық мәслихатының «Павлодар облысы Железин ауданының елді мекендерінде жер учаскелері үшін бағалау аймақтарының шекараларын және төлемақы базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешім жобасы (бұдан әрі – шешім жобасы) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 8, 11-бабтарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Шешім жобасын қабылдаудың мақсаты Павлодар облысы Железин ауданының елді мекендерінде жер учаскелері үшін бағалау аймақтарының шекараларын және төлемақы базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы деректерді нақтылау.
Шешім жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.