Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік
мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 25.09.2025 - 01.10.2025
Қабылдау 1 этап: 02.10.2025- 06.10.2025
Қабылдау 2 этап: 08.10.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу (Іріктеу): 09.10.2025-
11.10.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
15.10.2025- 17.10.2025
Сұхбат: 22.10.2025
Анықтама телефоны: 77051982220
E-G-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 156129
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
"Железин ауданы Қазақстан селолық округі әкімінің аппараты" ММ
жөніндегі жетекші маманы, E-G-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Ауылдық округті абаттандыру бойынша кешенді бағдарламалар жасауға
құжаттар ұсыну, олардың орындалуын бақылау. Ауылдық округтің жолдары
мен айналма жолдарын жөндеу, жарықтандыру, көгалдандыру, абаттандыру
және санитарлық тазалау жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру. Ауылдық
округтегі мал жаюды ұйымдастыру және ауыл шаруашылығы жануарларын
жаю орнын анықтау. Өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды
ұйымдастыру және су пайдалану мәселелерін реттейді. Ауылдық округтің
теңгеріміндегі объектілерге құқық белгілейтін және құқық куәландыратын
құжаттарды ресімдеу. Тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты
ұйымдастыру. Қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастыру. Төтенше жағдайлар,
жұмылдыру дайындығы, өртке қарсы қауіпсіздік бойынша жұмыстарды
ұйымдастыру және құжаттарды дайындау. Салық басқармасына ағымдағы
жылға жеке тұлғалардың мүлкі (тұрғын үй) және жер учаскелері туралы
мәліметтерді бекітуге дайындау. Жеке тұлғалардан мүлік салығын, жер
салығын жинау бойынша жұмысты ұйымдастыру, салық басқармасына дұрыс
және уақтылы есептілікті ұсыну. Үй шаруашылықтарын есепке алу дәптерлерін
жүргізу, мал, құс және халық санағын жүзеге асыру, үй шаруашылықтарын
есепке алу дәптерлерінен үзінділер беру, электрондық-шаруашылық
кітаптарын толтыру. Жаңа жұлдыз ауылының тірек елді мекенін дамытудың
кешенді жоспарын іске асыруға жәрдемдесу. Аграрлық сектордың мемлекеттік
бағдарламаларын іске асыруға жәрдемдесу. ТКШ бағдарламасы бойынша
ауылдық округтің бюджеттік өтініміне есептеулер жасау. Қазақстан
Республикасының "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі
туралы" заңнамасын, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды
әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын орындау
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан
кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі
немесе техникалық және кәсіптік білім;
жұмыс өтілі талап етілмейді.і.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.