Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік
мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 24.09.2025 - 30.09.2025
Қабылдау 1 этап: 01.10.2025- 03.10.2025
Қабылдау 2 этап: 07.10.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу (Іріктеу): 08.10.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
11.10.2025
Эссе: 15.10.2025
Сұхбат: 20.10.2025
Анықтама телефоны: 77051982220
E-G-1 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210087
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Селолық округ әкімінің орынбасары, E-G-1 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарау, азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдау, азаматтар
мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының,
заңдарының, ҚР Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті
мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын
орындауына жәрдемдесу. Ауылдық округте медицина, білім беру және
әлеуметтік қорғау жөніндегі мәселелерді шешуде бақылауды жүзеге асыру,
тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру,
халықтың әлеуметтік осал топтарына қайырымдылық көмек көрсету жөнінде
ұсыныстар енгізу, аз қамтылған адамдарды анықтау, жұмыспен қамтуды
қамтамасыз ету, АӘК көрсету жөнінде ұсыныстар енгізу, жалғызбасты, қарт
және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру, шабындық алқаптардың бөлінуіне
бақылауды жүзеге асыру. Абаттандыру бойынша Халықпен жұмыс. Шаруа
немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға
жәрдемдесу. Ауылдық округ аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары
туындаған жағдайда бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
инспектордың ұсынуы бойынша карантин немесе шектеулі іс-шаралар белгілеу
туралы шешім қабылдау. Ауылдық округ аумағында жануарлардың жұқпалы
ауруларының ошақтарын жою жөніндегі кешенді ветеринариялық іс-шаралар
жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
инспектордың ұсынуы бойынша шектеулі іс-шараларды немесе карантинді
алып тастау туралы шешім қабылдау. Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық пункттермен қызметтік
үй-жайлармен қамтамасыз етілсін.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі
білім, кәсіби білім
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның
штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5,
B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, D-R-5, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан
төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе
арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери
қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан
кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес
салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.";
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.