«2025 жылға арналған мемлекеттік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифті бекіту туралы» Железин ауданы әкімдігінің қаулы жобасына баспасөз-релизі

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтерін қалыптастыру ережелері мен әдістемесіне» сәйкес әзірленді.

Осы қаулы жобасы Железин ауданы бойынша 2025 жылға арналған мемлекеттік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифті бекіту мақсатында қабылданады.

Қаулы жобасын іске асыру қаржылық шығындарды талап етпейді.

Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Қаулы жобасы «Электрондық үкімет» порталында 2025 жылғы 19 қыркүйекте «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылды.

  

«Железин ауданы жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімі» ММ басшысы                                                          К.Ибрагимов

Дата публикации
19 сентября 2025