Железин аудандық мәслихатының «Железинка аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 мамырдағы № 107/8 «Железин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасына баcпасөз-релизі

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 1102 қаулысымен бекітілген «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының 166-тармағына, «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді.

 Аталған жобаны қабылдаудың мақсаты Железин ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуді бойынша.

Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы 2025 жылғы 29 тамызда «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

Дата публикации
18 сентября 2025