Железинка аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 мамырдағы № 107/8 «Железин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Железин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Железинка аудандық мәслихатының «Железин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 15 мамырдағы № 107/8 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7541-14 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген, Железин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін:

1-тарау жаңа редакцияда жазылсын:

Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Железин ауданында аумағындағы тұрақты тіркелген және тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығында тұрғын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

          кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге бір шаршы метр үшін алпыс теңгеден аспайтын шығыстарға;

          коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді ұлғайту бөлігінде байланыс қызметтері бір абонент үшін мың үш жүз тоқсан тоғыз теңгеден аспайды; телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді ұлғайту бөлігінде байланыс қызметтері бір абонент үшін мың үш жүз тоқсан тоғыз теңгеден аспайды;

          мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі;

мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бір шаршы метр үшін жүз жиырма теңгеден аспайды.

          Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

  1. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.
  2. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар 5 (бес) пайыздан асырмай белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

2-тарау жаңа редакцияда жазылсын:

Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға арналған шаршы нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ жалғыз тұратын адам үшін нақты алынатын алаң отыз шаршы метрден аспайды.

  1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» № 295/НҚ бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

4-1. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші мынадай нормалар шегінде есептейді:

1) тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары бір адамға он бес текше метрден аспайды;

2) табиғи монополиялар саласындағы қызметті реттейтін өңірлік уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес тұтынушы үшін электрмен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары;

3) тұтынушы үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерінің нормалары:

бір адамға төрт текше метрден аспайтын суық су;

бір адамға екі текше метрден аспайтын ыстық су;

4) тұтынушыларға арналған жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары бір адамға айына нөл бүтін жиырма бес мың гигакалориядан аспайды.

3 - тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі:

  1. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін аз қамтылған отбасы (азамат) (не

нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) тоқсан сайын көрсету «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға, мынадай құжаттар тізбесімен жүгінеді:

1) Мемлекеттік корпорацияға:

 жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларының 1 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініші;

отбасының табысын растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

жұмыс орнынан анықтама не жұмыссыз тұлға ретінде тіркелгені туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент туралы мәліметтер;

банктік шот;

тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;

телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

жергілікті атқарушы орган ұсынған жеке тұрғын үйді қорынан жергілікті атқарушы орган жалғанда тұрғын үйді пайдаланған үшін жалдау ақысының молшері туралы шот;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталына:

көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбамен

куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

отбасының табысын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;

жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі не жұмыссыз адам ретінде тіркелгені туралы анықтама;

балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;

банктік шоттың электрондық көшірмесі;

тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі;

коммуналдық қызметтерді тұтыну шотының электрондық көшірмесі;

телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың электрондық көшірмесі немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

жергілікті атқарушы орган ұсынған жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жал даған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі.

  1. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.
  2. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанда қужаттарды тапсыру уақытына қарамастан өткен тоқсанның тұрғын үйді ұстауга және коммуналдық қызметтерге кеткен жиынтық кіріс пен шығыстар бойынша бір тоқсан мерзімге тағайындалады.
  3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы уәкілетті органмен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» № 117 айқындалған тәртіпте, тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі.
  4. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде, өтініш бергенге дейін өткен тоқсан үшін отбасының кірістерін растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.
  5. Тұрғын үй көмегін төлеу аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады және ұйымдар, жекелеген түрлерін жүзеге асыратын лицензиялары барлар банктік операциялар ретімен, жергілікті өкілді органдар айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
  6. Отбасы тұрғын үй көмегін заңсыз тағайындауға әкеп соққан көрінеу жалған ақпаратты және (немесе) дәйексіз құжаттарды ұсынган кезде өтініш берушіге және оның отбасына тұрғын үй көмегін төлеу оны тағайындаудың бүкіл кезеңіне тоқтатылады.
  7. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шығымдану тәртібі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
  8. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
18 сентября 2025