Железин ауданы әкімдігінің «Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін айқындау туралы» қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

«Железин  ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Железин ауданы әкімдігінің «Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін айқындау туралы» қаулысының жобасын (бұдан әрі – қаулы жобасы) әзірледі.

Аталған қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаға сотталған адамдар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлерін, сондай-ақ Железин ауданында қоғамдық жұмыстар орындалуы тиіс ұйымдардың тізбесін айқындау болып табылады.

Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Қаулы жобасы 2025 жылғы 14 қыркүйекте мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырылды.

Дата публикации
14 сентября 2025