Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік
мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 09.09.2025 - 15.09.2025
Қабылдау 1 этап: 16.09.2025- 18.09.2025
Қабылдау 2 этап: 22.09.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу (Іріктеу): 23.09.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
26.09.2025
Сұхбат: 01.10.2025
Анықтама телефоны: 77051982220
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243701
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
"Железин ауданынң қаржы бөлімі" ММнің бас маманы, E-R-4 (Лауазым
мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Аудан бюджетінің кіріс бөлігінің орындалуы бойынша тоқсандық
есептерді жасау. Кірістер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуге
анықтамалар қалыптастыру. Бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуы туралы
жылдық есепті және оның атқарылуы жөніндегі түсіндірме жазбаны
қалыптастыру. Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы бойынша мониторинг пен
талдауды жүзеге асыру. Аудан бюджетін орындау бойынша қаулы жобаларын
әзірлеу. Ауданның мемлекеттік сатып алу бойынша ай сайынғы және тоқсан
сайынғы есептерді жасау. Жоғары тұрған бюджеттерден бөлінген нысаналы
трансферттерді игеру бойынша ай сайынғы, жартыжылдық, жылдық есептерді
жасау. Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен
кредиттер бойынша Е-Қаржыминіне ай сайын есеп жасау. ЖМБ бойынша ҚБШ
бөлінген және түскен қаражат туралы ай сайынғы есепті жасау және ұсыну.
Жалпы сипаттағы трансферттер бойынша ай сайынғы есепті жасау және ұсыну.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік сатып алуды
(конкурстарды) уақтылы өткізуіне мониторинг жүргізу.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан
кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім:
менеджмент, маркетинг, әлемдік экономика, мемлекеттік аудит, экономика,
қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды
басқару, 051801 2 - Бухгалтер
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі
немесе техникалық және кәсіптік білім;
жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.