Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар. Сайлаушылармен кездесу өткізуге арналған үй-жайлар

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына, Железин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 16 мамырдағы «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру туралы» № 158/5 қаулысына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6370 болып тіркелген), 2025 жылғы 24 тамызға Железин ауданы Прииртышск ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалуына байланысты үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін келесі орындар мен сайлаушылармен кездесуге арналған үй-жайлар белгіленді.

 

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Р/с №

Сайлау учаскесінің нөмірі, елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Стендтер саны

1

№ 245 сайлау учаскесі, Прииртышск ауылы

Прииртышск ауылы, Ленин көшесі, 27, ауылдық Мәдениет үйі жанындағы стенд

1

2

№ 246 сайлау учаскесі, Урлютюб ауылы

Урлютюб ауылы, Центральный көшесі, 3, медициналық пункт жанындағы стенд

1

 

Сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар

Р/с №

Ауылдық округінің атауы

Кездесулер өткізу орындары

1

Прииртышск ауылдық округі

Прииртышск ауылы, Ленин көшесі, 27, ауылдық Мәдениет үйі

Дата публикации
07 августа 2025