Железин ауданы әкімдігінің іс-шаралар жоспары Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

№

Ұсыным

Іс-шара

Іс-шараны аяқтау нысаны

Орындаушылар

Іс-шараны орындау мерзімі

1.

Талдау 2024 жылдың мамырынан 2025 жылдың мамырына дейін жүргізілді.

Талдау барысында жекелеген мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелердің интеграциясы жоқ екендігі, ал электрондық үкімет порталында осы қызметтерді көрсетудің электрондық форматы көзделмегені анықталды. Қағаз нысанда кеңсе арқылы мынадай қызметтер көрсетіледі:

- көлік құралдарының кепілін тіркеу (тіркеуден шығару),

- кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе түпнұсқа беру,

- ауыл шаруашылығы техникасы туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету),

- көлік құралдарына кепілдің (немесе өзге де ауыртпалықтардың) болуы (болмауы) туралы ақпарат беру.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтерді қашықтықтан алу мүмкіндігінің болмауы көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік органдарға жеке өтінішінің қажеттілігін негіздейді

көрсетілген мемлекеттік қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы олардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялай отырып, электрондық форматта іске асыру ұсынылады

Тиісті хат әзірлеп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ-на жолдау

«Железин ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» ММ

2025 жылғы 1 қыркүйек

2.

Талдау 2024 жылдың мамырынан 2025 жылдың сәуіріне дейін жүргізілді.

«Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі: - Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 қарашадағы № 247 бұйрығымен бекітілген әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу, өтініш қабылданғаннан кейін және құжаттарды тексеру қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде тұрғын үйге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша тұрғын үйді тексеру актісін жасайды.- қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа алуға ниет білдірген адамның тұрмыстық жағдайлары, актіні алған күннен бастап және қажетті құжаттарды өңдегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы бұйрық шығарады.

Қолданыстағы рәсім көрсетілетін қызметті берушінің өтініш берген адамның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларына өз бетінше тексеру жүргізуін көздейді және жасалған акт негізінде қорғаншылық пен қамқоршылық белгілеу туралы шешім қабылдайды.

Зерттеу функцияларын бөлу және шешім қабылдау мүмкіндігін қарастырған жөн, мысалы, тиісті комиссияда тексеру актілерін алқалы қарауды тарту арқылы

Тиісті хат әзірлеп, Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсыныс жолдау

«Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2025 жылғы 1 қыркүйек

3.

«Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі оның ұсынуында кейбір кемшіліктері бар: қос жұмыс жүргізілуде, қызметалушы электрондық үкімет порталы арқылы қызмет көрсетуге, сондай-ақ басшыға қол қою және жерге  орналастыру жобасына  мөр қою үшін бөлімге құжаттар топтамасын әкелуге тиіс, өйткені құжаттарды одан әрі ресімдеу үшін  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік  корпорация электрондық бұйрықты қабылдамайды. Мөр қою үшін бөлімге құжаттар топтамасын әкелуге тиіс құжаттарды одан әрі рәсімдеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы электрондық бұйрықты қабылдамайды.  Осыған байланысты  қызметберушінің  қызметалушымен тікелей  байланыс қаупі бар

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның қолы мен мөрінсіз жерге орналастыру жобасын қоса бере отырып, бөлім басшысының электрондық қолымен қол қойылған электрондық бұйрықты қабылдау туралы ұсыныстарын енгізу, өйткені бұйрықтың болуы жерге орналастыру жобасының бекітілгенін көрсетеді

Тиісті хат әзірлеп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ-на жолдау

Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2025 жылғы 1 қыркүйек

4.

Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру тәртібі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі –Кодекс) 43,43-1-баптарымен, сондай - ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары- Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі-ереже) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларымен реттеледі. Қағидалардың 23-тармағында осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде артықшылық берілетіні көрсетілген. Жоғарыда аталған норма тек жеке тұлғаларға қосымша балл беру бойынша преференцияларды белгілейді, өйткені заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуге жатады және тұрғылықты жері жоқ. Бұл жеке тұлғалардың заңды тұлғалардан артықшылығын көрсетеді, осылайша олардың құқықтарына нұқсан келтіреді. Сонымен қатар,10 балл беру үшін Ереженің 23-тармағын қолдану мәселесі туындайды.

Басым құқық сұралып отырған жер учаскесі орналасқан аудан тұрғынына немесе ауылдық округ тұрғынына қолданылады

ҚР Жер кодексінің 43-1-бабы 14-тармағының және Қағидалардың 23-тармағының екінші абзацына бірыңғай түсінік қалыптастыру үшін аудан, ауылдық округ, ауыл, кент аумағында тұру бөлігінде өзгерістермен толықтырулар енгізу орынды деп есептелсін

Павлодар облысының жер қатынастары басқармасына тиісті хат әзірлеу және ұсыныс жолдау

Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2025 жылғы 1 қыркүйек

5.

«Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінің жеткіліксіз жұмыс істеу фактісі анықталған:

Жер учаскелеріне құқықтар беру жөніндегі мемлекеттік қызмет нәтижесінің жобасын қалыптастыру кезінде «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде «Қаулы» және «Шешім» қойындылары көзделген, алайда «Өкім» қойындысы жоқ. Осыған байланысты ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары өкімдерді қағаз түрінде ресімдеуге мәжбүр

«Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесін «Өкім» қойындысымен толықтыру және процесті электрондық форматқа көшіру

Тиісті хат әзірлеп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ-на жолдау

Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2025 жылғы 1 қыркүйек

Дата публикации
08 июля 2025