Нормативтік-құқықтық база
Талдаумен мынадай нормативтік құқықтық актілер қамтылды: «Еңбек кодексі», «Жер кодексі», «Бюджет кодексі», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР кодексі, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Жекешелендіру объектілерін сату Қағидалары», «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы», «Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушылары жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін бекіту туралы», «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидалары», «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларын бекіту туралы», «Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидалары кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келгендерге» және т.б.
21 Мемлекеттік орган және 1 квазимемлекеттік сектор субъектісі қамтылды:
«Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ; «Ақтау селолық округі әкімінің аппараты» ММ; «Алакөл селолық округі әкімінің аппараты» ММ; «Башмачин селолық округі әкімінің аппараты» ММ; «Веселорощин селолық округі әкімінің аппараты» ММ; «Еңбекші селолық округі әкімінің аппараты» ММ; «Железин селолық округі әкімінің аппараты» ММ, «Қазақстан селолық округі әкімінің аппараты» ММ; «Лесной селолық округі әкімінің аппараты» ММ; «Михайлов селолық округі әкімінің аппараты" ММ; «Новомир селолық округі әкімінің аппараты» ММ; «Майлы селолық округі әкімінің аппараты» ММ; «Приертіс ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ; «Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ; «Железин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ; «Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ; «Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ; «Мәдениет, денешынықтыру және спорт бөлімі» ММ; «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ; «Железин ауданының қаржы бөлімі» ММ; «Железин ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» ММ; Железин ауданы экономикасының нақты секторы бөлімінің «Көмек» МКК.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Келесі міндеттер бойынша талдау жүргізілді:
Мемлекеттік органның қызметіне қатысты қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындау;
Мүдделер қақтығысын реттеуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Мемлекеттік қызмет көрсетумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Рұқсат беру функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Бақылау тексеру функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Бюджет және қаржы қаражатын игеруге және бөлуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Жеке және заңды тұлғалармен Шарт жасасуға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Ақпараттық жүйелерді әзірлеуге және пайдалануға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
«Железин ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» ММ
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін негіздеме
«Железин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысының 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 7 бұйрығы.
Есепті кезең
Талдау 2024 жылдың мамырынан 2025 жылдың мамырына дейін жүргізілді.
Талдау барысында жекелеген мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелердің интеграциясы жоқ екендігі, ал электрондық үкімет порталында осы қызметтерді көрсетудің электрондық форматы көзделмегені анықталды. Қағаз нысанда кеңсе арқылы мынадай қызметтер көрсетіледі:
- көлік құралдарының кепілін тіркеу (тіркеуден шығару),
- кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе түпнұсқа беру,
- ауыл шаруашылығы техникасы туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету),
- көлік құралдарына кепілдің (немесе өзге де ауыртпалықтардың) болуы (болмауы) туралы ақпарат беру.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтерді қашықтықтан алу мүмкіндігінің болмауы көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік органдарға жеке өтінішінің қажеттілігін негіздейді.
Ұсынымдар: көрсетілген мемлекеттік қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы олардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялай отырып, электрондық форматта іске асыру ұсынылады.
«Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін негіздеме
«Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 25-о/д бұйрығы.
Есепті кезең
Талдау 2024 жылдың мамырынан 2025 жылдың сәуіріне дейін жүргізілді.
«Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі: - Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 қарашадағы № 247 бұйрығымен бекітілген әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу, өтініш қабылданғаннан кейін және құжаттарды тексеру қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде тұрғын үйге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша тұрғын үйді тексеру актісін жасайды.- қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа алуға ниет білдірген адамның тұрмыстық жағдайлары, актіні алған күннен бастап және қажетті құжаттарды өңдегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы бұйрық шығарады.
Қолданыстағы рәсім көрсетілетін қызметті берушінің өтініш берген адамның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларына өз бетінше тексеру жүргізуін көздейді және жасалған акт негізінде қорғаншылық пен қамқоршылық белгілеу туралы шешім қабылдайды.
Ұсыныс: Зерттеу функцияларын бөлу және шешім қабылдау мүмкіндігін қарастырған жөн, мысалы, тиісті комиссияда тексеру актілерін алқалы қарауды тарту арқылы.
«Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін негіздеме
«Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 121 бұйрығы.
Есепті кезең
Талдау 2024 жылдың мамырынан 2025 жылдың мамырына дейін жүргізілді.
1) «Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі оның ұсынуында кейбір кемшіліктері бар: қос жұмыс жүргізілуде, қызметалушы электрондық үкімет порталы арқылы қызмет көрсетуге, сондай-ақ басшыға қол қою және жерге орналастыру жобасына мөр қою үшін бөлімге құжаттар топтамасын әкелуге тиіс, өйткені құжаттарды одан әрі ресімдеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация электрондық бұйрықты қабылдамайды. Мөр қою үшін бөлімге құжаттар топтамасын әкелуге тиіс құжаттарды одан әрі рәсімдеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы электрондық бұйрықты қабылдамайды. Осыған байланысты қызметберушінің қызметалушымен тікелей байланыс қаупі бар.
Ұсынымдар: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның қолы мен мөрінсіз жерге орналастыру жобасын қоса бере отырып, бөлім басшысының электрондық қолымен қол қойылған электрондық бұйрықты қабылдау туралы ұсыныстарын енгізу, өйткені бұйрықтың болуы жерге орналастыру жобасының бекітілгенін көрсетеді.
2) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру тәртібі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі –Кодекс) 43,43-1-баптарымен, сондай - ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары- Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі-ереже) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларымен реттеледі. Қағидалардың 23-тармағында осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде артықшылық берілетіні көрсетілген. Жоғарыда аталған норма тек жеке тұлғаларға қосымша балл беру бойынша преференцияларды белгілейді, өйткені заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуге жатады және тұрғылықты жері жоқ. Бұл жеке тұлғалардың заңды тұлғалардан артықшылығын көрсетеді, осылайша олардың құқықтарына нұқсан келтіреді. Сонымен қатар,10 балл беру үшін Ереженің 23-тармағын қолдану мәселесі туындайды.
Басым құқық сұралып отырған жер учаскесі орналасқан аудан тұрғынына немесе ауылдық округ тұрғынына қолданылады.
Ұсыныстар: ҚР Жер кодексінің 43-1-бабы 14-тармағының және Қағидалардың 23-тармағының екінші абзацына бірыңғай түсінік қалыптастыру үшін аудан, ауылдық округ, ауыл, кент аумағында тұру бөлігінде өзгерістермен толықтырулар енгізу орынды деп есептелсін.
3) «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінің жеткіліксіз жұмыс істеу фактісі анықталған:
Жер учаскелеріне құқықтар беру жөніндегі мемлекеттік қызмет нәтижесінің жобасын қалыптастыру кезінде «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде «Қаулы» және «Шешім» қойындылары көзделген, алайда «Өкім» қойындысы жоқ. Осыған байланысты ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары өкімдерді қағаз түрінде ресімдеуге мәжбүр.
Ұсынымдар: «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесін «Өкім» қойындысымен толықтыру және процесті электрондық форматқа көшіру.
«Железин ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ; «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ; «Железин ауданының қаржы бөлімі» ММ; «Железин ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» ММ; «Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау» ММ; селолық округтер әкімі аппараттарында, Железин ауданының экономиканың нақты секторы бөлімінің «Көмек» МКК сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Железин ауданы
әкімі аппараты басшысының м.а. А. Мунтынов