Ауданның 2020-2022 жылдарға арналған бюджет нақтылауы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өткізіледі.
Ағымдағы жылдың 21 қазанда жоғары тұрған бюджеттен бөлінген трансферттердің көбейтуіне байланысты 2,9 млн. теңге сомасына (білім беру және әлеуметтік қорғау саласында трансферттер азайтылды, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласында трансферттер көбейді) бюджет түзетуі есептелді.
Бюджетінің кіріс бөлігінде кірістердің түрлері арасында қайта бағыттау жүргізілді.
Бюджетінің шығыс бөлігінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің берген өтінімдеріне сәйкес бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бағыттау жүргізілді.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, аудан бюджетінің нақтыланған көлемі 10 100 млн.теңгені құрайды.
«Железин аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы «2020
2022 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы» № 408/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы 2020 жылғы 23 қазаннан бастап 6 қарашаға дейін «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.